«Шаңырақ» бағыты бойынша кезекті 273 азамат қоныс тойын тойлады

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Шымкент қаласында «Шаңырақ»  жеңілдетілген несиелік бағдарламасы бойынша  Тұран шағын ауданында орналасқан кезекті 7 тұрғын үй (№6а,8а,10а,12а,14а,16а,18а) қолданысқа берілді. Салтанатты мерекелік шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Маулен Айманбетов арнайы қатысып, инфрақұрылымдық коммуналдық қызметтері іске қосылған пәтерлердің иелеріне пәтер кілттерін табыстады.

image.png

- “Жалпы Тұран шағын ауданының даму жоспарына сәйкес шашамен 1,2 млн. шаршы метрді құрайтын 15,3 мың пәтерлі 319 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Бүгінгі таңда бюджет есебінен 88 үйдің құрылысы жүргізіліп, оның ішінде “Шаңырақ” бағытының қатысушалырына 27 тұрғын үй (1728) бойынша азаматтарды қоныстандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Сондай-ақ  7-20-25  несиелік бағдарламасы бойынша 29 тұрғын үйдің (1800пәтер) құрылысы биыл аяқталмақ.  Бұдан бөлек жалпы қала аумағында несиелік бірнеше бағыттағы 50 тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Аталған тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары келер жылы басталмақ. Бұл көрсеткіштер алдағы уақытта азаматтардың баспана мәселесінің шешілуіне үлкен ықпал етпек”, - деді М. Айманбетов.

“Шаңырақ” бағыты бойынша Бахыткүл Нурметова жылдар бойы күткен баспанасына бүгін қол жеткізді. Екі баланың анасы осыдан бірнеше жыл бұрын  тұрғын үй кезегіне мемлекеттік қызметкер санатымен  тіркелген. Бүгінде несиелік баспанаға қол жеткізген жалғыз басты ананың қуанышында шек жоқ. 

Құрылыс басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес қазіргі таңда «Шаңырақ» бағдарламасымен  тұрғын үйлердің қалған орамдары бойынша абаттандыру, жылу сынды инфрақұрылымдық инженерлік коммуналдық жүйелерді іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Аталған бағыт бойынша жыл соңына дейін инфрақұрылымдық коммуналдық қызметтері қосылған  тағы   14 тұрғын үйге азаматтар қоныстандырылатын болады.

Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан халықты қолжетімді баспанамен қамтуға ерекше мән беріліп келеді. Биыл қала әкімдігі тарапынан баспанаға мұқтаж азаматтарға қолдау ретінде тұрғын үй сертификатына 500 миллион теңге бөлінді. Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін қайтарымсыз негізде әр азаматқа 1 миллион теңгеге дейін беріледі. Бүгінгі жаңа қоныс иелерінің 184-і  де аталған сертификатты алып, баспаналы болып отыр. Бағдарламаның талаптарына сәйкес, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар  отбасының ортақ табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,7 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда қатыса алады. 2021 жылға бұл табыс 126 917,4 теңгені құрады. Жылдық мөлшері 5 пайыздан аспайтын, алғашқы жарна 10 пайызбен, 20 жылға жаңа тұрғын үйлерді сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Егер азаматтардың ай сайынғы табыс көзі жетпей жатқан жағдайда,  туысы немесе жақыны  кепіл бола алады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке