Шымкентте Рысқұлов көшесі ашылды

Рысқұлов және Қонаев даңғылы қиылысындағы жолайрықтың Қонаев даңғылы бойынша жүріс бөлігі пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта Рысқұлов көшесін ашудағы соңғы жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады.

image.png

Жыл өткен сайын Шымкенттегі қалаішілік жолдарда көлік кептелісі көбейіп келеді. Әсіресе, орталық көшелерде иін тірескен автокөліктер тығынын жиі көруге болады. 

Атап айтқанда,   Т. Рысқұлов және Д. Қонаев көшелері қаланың бір шеті мен екінші шетін жалғайтын  ұзын көшелер. Содан болар, мұнда көліктердің кептелісінен туындайтын мәселелер аз емес.                                                        

Осы ыңғайсыздықты шешу мақсатында, қала әкімдігі Д.Қонаев-Т.Рысқұлов пен Бәйдібек би-Арғынбеков көшелерінің қиылысында жолайрық құрылысын салуды  жоспарлаған болатын.

2019 жылы Рысқұлов (Қонаев қиылысы) көшелерінің көліктерді өткізгіштігі   27775 авто/тәулік болса, жол құрылысы аяқталғаннан кейін 65820 авто/тәулік өткізу мүмкіншілігіне жоғарылайды.

Аталған жолайрықтар пайдалунуға берілгеннен кейін көлік тығыны едәуір азаятын болады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке