Отандық вакцинаға шет елде сұранысқа ие

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруды тапсырды.

image.png

Жолдау аясындағы тапсырмаларды негізге ала отырып, қаланың бас дәрігері Б. Позилов қауіпті инфекцияны алдын алуда  отандық вакцинаның маңызыдылығын атап өтті. 

Оның сөзінше, Қазақстанда шығарылған «Казвак» 2020 жылдың көктемінен әзірлене бастады.  Бұл екпе бірнеше сынақтардан өтіп, тіпті көрші елдердің сұранысына ие болған. 

«Отандық вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының оң бағасын алды. Біздің елде шығарылған вакцинаға өзге елдерден сұраныс түсіп жатыр. Қазақстан коронавируспен күресте вакцина дайындап шығарған алдыңғы қатардағы елдер. Пандемияны жеңуде екпе жұмыстарының маңзыдылығын ерекше атап өткім келеді»-деді Б. Позилов. 

Айта кетейік, бүгінге дейін қалада 1-ші компонентпен-542 931,2 – ші компонентпен-503983 адам егілді. Қалада екпе егу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Екпе егу бекеттері демалыс күндерге қарамастан жұмыс істеуде.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке