Шымкентте 542 мыңнан астам азаматқа ковидке қарсы вакцина салынған

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруды тапсырған болатын.

image.png

Жолдауға сәйкес, қалалық №2 аурухана базасындағы инсульт орталығы халыққа тәулік бойы медициналық қызмет етуге көшті. Сондай-ақ, ковид орталығы ашылып, үш ай бойы мамандар қауіпті індетке шалдыққан науқастарға емдеу жұмыстарын жүргізді. 

Сонымен қатар, қалада 45 екпе нысаны жұмыс істеп тұр. Бүгінге дейін 1-ші компонентпен 542 931, 2 – ші компонентпен 503 983 адамға егілді. Бастапқы жоспар (536 000) бойынша вакцинациялау жұмыстары 100% орындалған.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 25 жағдайы тіркелді. Қазір 15 науқас инфекциялық стационарға жатқызылып, 10 адам үй бақылауына алынды.

Ал жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 35 688 науқас анықталған. Емделіп шыққан науқастардың саны – 34 242.

Қазіргі таңда 650 науқас (стационарда 290, үй жағдайында 360 науқас амбулаторлық) ем қабылдауда.

Еске сала кетейік, бастапқы медициналық көмек бойынша 36 емханада 211 мобилді бригада жасақталып, тұрақты жұмыс істеуде.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қала аумағындағы тас жолдардың саны артты
  • Шымкентте 542 мыңнан астам азаматқа ковидке қарсы вакцина салынған
  • «Shanyraq» орталығында игі істер атқарылуда
  • Ел мақтаныштарының есімдері ұлықталды
  • Шағын және орта кәсіпкерлік