Қазақстанның жастары – елдің басты байлығы

«Жаңғыру жолы» қозғалысын қайта құрған жөн. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.  

image.png

Бүгінде жастар саясаты тәуелсіз Қазақстанның басты басымдықтарының бірі болып табылады. Жастарға айрықша көңіл бөлген мемлекет қана саяси және экономикалық табысқа жете алады. 

Қазіргі таңда Шымкент қаласы тұрғындарының саны 1 090 200 адамға жетті. Олардың ішінде жастардың үлесі жалпы халық санының 22,2%-ын құрайды. Яғни үшінші мегаполисте 239 443 жас бар. Шымкентте 9 жоғары және 38 арнаулы оқу орны болса, онда жалпы 113 881 студент білім алады.  

Жастармен бірігіп жұмыс істеуге Қазақстан халқы Ассамблеясы аса мән беріп келеді.  

100-ден астам этнос өкілдері мекен ететін өңірімізде  17 этномәдени бірлестіктің жанынан жастар қанаттары құрылған. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында  29 «Достық» клубы ашылып, жұмыс жасайды Ассамблеяның қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша қызметін қолдауға жастарды шоғырландыру мақсатында 2018 жылы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының Шымкент қалалық штабы құрылды. Жастар бірлестігі ретінде құрылған ұйымның осы мерзім аралығында жасаған жұмыстары көңіл қуантарлық. 

«Жаңғыру жолы» РЖҚ өңірлік штабы мен «Jas Otan» ЖҚ Шымкент қалалық филиалы арасында өзара түсіністік, серіктестік және ынтымақтастық туралы меморандум түзілді. «Қайырымдылық – қайырлы іс» дейтін халық даналығын басшылыққа алған этнос жастары көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың тұрмысымен танысып, қайырымдылық көмек көрсетті.  

Сондай-ақ, республикалық «BizBirgemiz» акциясын қолдау мақсатында пандемия кезінде қаламыздағы қоғамдық жұмыстарға 100-ге жуық Шымкент қаласының волонтерлары жұмылдырылып, 20 мыңға жуық бетперделер,  медициналық  қолғаптар мен  дәрі-дәрмектер таратылды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады.  

«Жаңғыру жолы» қозғалысының жұмысын жандандыруға ерекше назар аударылатын болады.  

Жастарды экономикалық, әлеуметтік саланы нығайту, елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты, келісімді сақтау процестеріне тарту, жастар мәдениетін қалыптастыру, олардың жан-жақты дамуына, білім, зияткерлік және кәсіби-деңгейін арттыру мақсатында бірнеше жобалар жүзеге асырылады.   

Қол жеткізген табыстарымыз бен бағындырған биік белестеріміздің барлығы дерлік біздің қоғамда орнаған қоғамдық келісім мен ауызбірліктің және жарқын болашаққа деген сенімнің нәтижесі. 

Бүкіл қазақстандықтар үшін бірлік, достық, татулық ұғымдарының маңызы айрықша. Міне, осының арқасында ел аумағындағы ортақ мақсатқа жұмылып, ел игілігі үшін еңбек етіп келеміз.  

“Жол мұраты - жету” дегендей, даңқты тарихы бар біздің халқымыздың бақытты болашағы болатынына сенемін! Тәуелсіздік туын қолда берік те бекем ұстау әрбір азаматтың ең басты борышы, ең биік мұраты.  

Әрдайым «Ұлттың ұлы мұраты жолында ұйысайық» дегім келеді. 

«Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының  

Шымкент қалалық штабының жетекшісі 

Нүркен Әбдірайым 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке