Құтыру ауруынан сақтаныңыз!

Құтыру ауруы - жүйке жүйесін зақымдайтын вирустық ауру. Бұл ауру адамдарға құтырған жан-жануарлар тістеген кезде, терісінің зақымданған жеріне сілекей жұққанда пайда болуы мүмкін.

image.png

Егерде, иттен немесе мысықтан жарақат алсаңыз оны өлтіруге асықпай ветеринар маманына көрсетуіңіз қажет. Ветеринар маманы жануарды 10 күндік бақылауда ұстай отыра, 3 рет егу тағайындалады. Ал, егер жарақаттаған қандай жануар екені белгісіз болса немесе өліп қалған жағдайда 6 рет егу жұмыстары жүргізіледі.

Құтыру ауруының алдын алу шаралары бойынша, тұрғындардың барлығы құтыруға қарсы екпе алу үшін тұрғылықты жері бойынша травматологиялық пункттерге барып қаралуы  қажет.

Жеке қожалығыңыздағы итті бос жіберіп қараусыз қалдырсаңыз Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 408 бабына сәйкес, айыппұл салынады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке