Шымкент: 3 мыңдай отбасына тұрғын үй кілті табысталды

Шымкент қаласында жыл басынан бері мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында 3 мыңға жуық отбасы баспанамен қамтылған. 

image.png

- Жыл сайын кезекте тұрған азаматтарға пәтерлер белгіленген тәртіппен үлестіріліп келеді. Осы жылдың басынан тұрғын үй кезегінде тұрған 682 отбасы арендалық пәтермен қамтылған болса, жыл соңына дейін осы бағытта 294 отбасыға баспана  беріледі, - деді тұрғын үй  басқармасының басшысы  А.Рысжанов өзінің  әкімге берген 9 айлық есеп қорытындысы кезінде.

 «Отбасы банк» арқылы «5-20-25» бағыты бойынша  кредиттік тұрғын үймен 730 азамат қамтылған. Оның ішінде 261 азамат тұрғын үй кезегінде тіркелгендер. Шымкент қаласындағы екінші деңгейлі банктер арқылы жыл басынан бері 1362 азамат несие арқылы рәсімдей отыра баспаналы болды. Жыл соңына дейін  кредиттік тұрғын үймен 4 413 отбасыны қамту жоспарлануда.

 «2-10-20 «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 158 отбасы несие негізінде тұрғын үймен қамтылып, оның ішінде 73 отбасыға алғашқы жарнасының бір бөлігін жабуға тұрғын үй сертификаты берілді. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасын табады. 

Табыс көрсеткіші аз тұрғындарды қолдау мақсатында жергілікті бюжет есебінен алдағы жылға 500 млн. теңгеге тұрғын үй сертификаттарын әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз беру қарастырылған. Қайтарымсыз тұрғын үй сертификаты бойынша 902 өтінім қабылдана отырып, 311 өтінім – 274 млн.теңгеге мақұлданған.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке