Ақпараттық-насихаттық топ студенттермен кездесті

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттеріне ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауы насихатталды. Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткен жиында ақпараттық-насихаттық топ мүшесі, ОҚМПУ-дің «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімінің басшысы Қ.Анарбаев, ОҚМА басқарма басшысы Ербол Сәлім студенттерге Жолдау жүктеген міндеттерді түсіндірді.

image.png

— Жолдау жарияланған күннен бастап ОҚМА студенттеріне маңызды құжатты  насихаттап келеміз. Бүгінде академияда 7 мыңнан аса студент білім алып отыр. Кешегі пандемия кезінде білікті дәрігерлерге деген сұраныс артты. Біз әр студенттің мықты маман болып, елге қызмет етуін қамтамасыз ету үшін күш салып келеміз, - деді Е.Сәлім.

Тарих ғылымдарының кандидаты Қ.Анарбаев Жолдаудағы бес басымдыққа тоқталды. 

— Республикада 1997 жылдан бүгінге дейін 942 мектеп салынған. Ал, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2025 жылға дейін 1000 мектеп салу қажет екенін айтты. Бұл Қазақстандағы демографиялық өсімді және оны сапалы біліммен қамту үшін жүйелі жұмыс жүргізіліп отырғанын көрсетеді. Сондай-ақ, Қ.Тоқаев «Біздегі дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтың 17 пайызы ғана – отандық өнім. 2025 жылы оны 50 пайызға жеткізу қажет» деген болатын. Бұл денсаулық саласының заман талабына сай  қайта жаңғыратынын көрсетіп отыр,- деді Қ.Анарбаев.

Жиын соңында студенттер насихаттық топ мүшесімен пікір алмасып, сауалдарын қойды.

Замира АЛДАБЕРГЕНОВА.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке