Шымкенттік нысана көздеушілер нысананы мүлт жібермеді

Бангладеште нысана көздеуден халықаралық онлайн турнир өтуде. Жарыс барысында кеше Қазақстан құрамасы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, қоржынға 2 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлде салды. Ал оның 1 алтын, 1 күміс жүлдесі құрама сапындағы Шымкенттік спортшылардың еншісінде.

image.png

Жерлестеріміз Елизавета Безрукова пневматикалық винтовкамен 10 метрге ату жаттығуы бойынша 629,6 ұпай санымен жеңімпаз атанып, Қазақстан рекордын жасады, ал Ирина Локтионова пневматикалық тапаншамен 10 метрге көздеу бәсекесінде 568 ұпаймен күміс жүлде жеңіп алды.

Сонымен бірге алматылық спортшылар да жүлделі орындардан көрінді.

Халықаралық онлайн турнирге Украина, Бангладеш, Тәжікстан, Пәкістан, Қырғызстан, Бахрейн елінің

спортшылары қатысты.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент: Дәстүрлі санақ жұмысы басталды
  • Шымкенттік нысана көздеушілер нысананы мүлт жібермеді
  • Биыл ашылған мектептер циклі: №120 мектеп
  • Діни конфессия жетекшілері бас қосты
  • Ұлттық дебат турниріне қалалық іріктеу басталды