Шымкентте Алатау аллеясы ашылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қаратау ауданы «Орманшы» елдімекеніндегі бұрынғы құрылыс қалдықтары полигоны аумағы демалыс орнына айналды. Құрылыс жұмыстары қыркүйек айында аяқталған нысанды жуырда қала әкімі М.Әйтенов құрылыс сапасымен танысқан болатын. 

image.png

Бүгін елдімекенде демалыс орнының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қаратау ауданы әкімі орынбасары А.Парманов, Қаратау ауданының ардагерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Тұрғындар тарапынан бұл демалыс орнын «Алатау» деп атау ұсынылды. Елдімекен тұрғындары жылдар бойы қоқыс полигонының иісі мен түтінінен зардап шеккен кездерін еске алып,  бүгінде бұл мәселе оң шешімін тапқанына қуанып отыр.

Демалыс орнының ауданы 4,48 гектарды құрайды. Онда балаларға арналған ойын және спорт алаңшалары орналасқан. Сондай-ақ, жарықтандыру бағаналары, орындықтар, қоқыс  урналары және әр түрлі пішінде кіші сәулет мүсіндері орнатылған.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке