Шымкентте 6 ауызсу бұрқағы іске қосылды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында демеушілер есебінен адам көп шоғырланған 6 орынға ауызсу бұрқақтары орнатылды.  Биыл 10 орынға ауызсу бұрқағын орнату жоспарланған. 

image.png

Мегаполис тұрғындары мен қонақтары – Арбат демалыс саябағында, Гүлжан аялдамасындағы «Қызғалдақтың» жанында, Орталық саябақта, Қонаев пен Иляев көшелерінің қиылысында, «Моцарелла» мейрамханасының алдында және Гипер хаус сауда үйінің тұсында ауызсудан ішіп, шөлін қандыра алады. 

Тұрғындардың алаңсыз су ішуі үшін онда суға арналған сүзгі (АКВАФОР фильтр) қойылды. Тіршілік көзі бей-берекет ақпайды, тек қажет кезде ғана арнайы батырманы басып пайдалануға арналған. Алдағы уақытта қалада тағы 4 ауызсу бұрқағын іске қосу жоспарланып отыр.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке