Шымкентте 31 көшеге талшықты оптика желісі тартылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында елімізде цифрландыруды енгізудің маңыздылығын айтып келеді. Халықаралық бағалаушылардың мәліметінше Қазақстан цифрландыру жүйесін енгізуден Орталық Азияда алғашқы орында екен.

image.png

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, бұл бағытта Шымкентте қала әкімі бүкіл қала аумағын талшықты оптика желісімен қамтуды тапсырған болатын. Осыған орай қаладан шалғай орналасқан шағын аудандар мен тұрғын алаптарды, онымен қоса орталық көшелерді оптикамен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Биыл әкімдіктің «Fishnet» компаниясымен жүргізген келіссөздері нәтижесінде орталық көшелерді толықтай оптика желісімен қамту жоспарланған болатын. Қазіргі таңда компания қала орталығындағы 31 көшеге толықтай талшықты оптика желісі жүргізілді. Бұл азаматтарды 200 Мбит/сек жылдамдығына дейін сапалы интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Олар - Ғ.Иляев, Красин, Жылқышиев, Желтоқсан, Л.Толстой, Шаймерденов, Н.Төреқұлов, А.Әлімбетов, М.Сапарбаев, М. Қожа, М. Мәметова, Ш. Уалиханов, Ә.Тәжібаев, А.Асанов, М.Шолохов, Д.Сарықұлов, Ғ.Орманов, Лихачев, Байзақұлы, С.Жандосов, Молодая гвардия, К.Циолковский, Дулати, Қазыбек би, Қ.Аманжолов, А.Диваев, Т.Орынбаев, Ж.Адырбеков, Құрманғазы,  Шаймерденов өткелі, Ж.Ташенов көшелері.

Қазан айынан бастап аталған көше тұрғындары өтініш беру арқылы оптика желісіне қосыла алады. Тұрғындар тарапынан оптика желісіне қосылуға өтінім берілген жағдайда жоғарыда көрсетілген көшелерге (200 Мбит/сек жылдамдығына дейін) сапалы интернет «FishNet» компаниясы арқылы жеткізілетін болады.

Ол үшін Д. Қонаев көшесі №210 мекенжайға барып өтініш беру арқылы немесе  +7 (7252) 60 60 60 телефон нөміріне хабарласу арқылы сапалы интернетке қосыла алады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке