Шымкентте бейбіт күннің батыры марапатталды

Шымкент қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан өртенген көлікті сөндірген Нұрбек Әділбек марапатталды. Қаладағы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Аманбек Бейсембаев бейбіт күннің батырын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, азаматтық ұстанымы үшін алғыс білдірді. 

image.png

Еске сала кетсек, 11 қыркүйекте таңғы сағат 08:57-де №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің «101» пультіне Бозарық тұрғын алабында автокөліктің өртенгені туралы ақпарат келіп түскен. 

Оқиға орнына 9 минутта жетіп келген өрт сөндірушілер Шымкент-Шолаққорған тас жолында екі көліктің соқтығысқанын анықтады.  Салдарынан Газель жүк көлігі аударылып, кабинаның және қозғалтқыш бөлігі өртенген. 

Өрт сөндірушілер келгенше, жолдан өтіп бара жатқан су тасуға арналған автокөлік жүргізушісі Нұрбек Мұсаұлы отқа орынған көлікті сөндірген. Оның көлігінде жарты тоннаға жуық су болған.  

Жүргізушінің батыл, әрі жедел әрекетінің  арқасында өрт дер кезінде сөніп, Газельге орнатылған екі газ баллонының жарылуына жол берілмеді. Өрт сөндірушілер «Бетон Әлем» ЖШС-де жүргізуші-операторы болып қызмет атқаратын Нұрбектің кәсіби іс-әрекеттеріне ризашылығын білдіріп, нағыз қаһармандық деп атады. 

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жүргізушілерге жол жүргенде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Олар техникалық көлікті байқаудан уақтылы өткізуге, автомобиль салонында темекі шекпеуге, өрт сөндірушілер келгенге дейін өзіңізді және өзгелерге көмек көрсетуге және көлігінде сыйымдылығы 2 литрден кем емес өрт сөндіргіш алып жүруді ескертеді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке