Жастар кеңесі өтті.

Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша «Жастар ресурстық орталығы» бөлімшесінің жұмыс барысы және Абай ауданы әкімі жанындағы жастар кеңесі өтті.

image.png  

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Парманов Бұхарбай Рысқұлұлының  қатысуымен Абай ауданы бойынша «Жастар ресурстық орталығы» бөлімшесінің жұмыс барысымен танысу және Абай ауданы әкімі жанындағы жастар кеңесі өткізілді.

Жастар кеңесіне Абай ауданың әкімі Бұхарбай Парманов, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ерлан Айтбаев және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысының орынбасары Ерлан Альжанов және ауданның белсенді жастары мен жастар жанындағы кеңестің өкілдері қатысты.

Аталмыш шарада Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысының орынбасары Ерлан Альжанов презентациялық баяндамасында, орталықтың бірінші қабаты жастарға қызмет көрсету, екінші қабаты релакс зона және коворкинг, үшінші қабаты психологиялық жеке қабылдау және тезисный зал бағыттары бойынша жұмыс жасайтындығын айтып өтті.

Орталықтың жұмыс барысымен танысып болған соң, жастар кеңесі бойынша «Ерікті жастарға арналған мейірім порталының қызметін ұйымдастыру туралы» баяндама оқылды. Онда «Саябақтағы кешкі уақыт» тақырыбында жастар көп шоғырланатын жерде Street Workaut алаңшаларын ашу;  Әлеуметтік, тұрмыстық жағдайы төмен отбасыдан шыққан мектеп оқушыларын MMA, бокс, кикбоксинг және т.б спорт түрлеріне тегін қатысуға мүмкіндік алу тұрғысынан сұрақ-жауап және пікір алмасып, осы мәселелер бойынша ұсыныстар айтылды.

Сондай-ақ жастар кеңесі соңында Абай ауданында орналасқан 66 мектептің 11-сынып оқушысы Сырымбек Белесбекті кикбоксинг спорт түрінен Венгрияда өткен әлем чемпионатындағы жеңісімен  аудан әкімі құттықтап, медаль табыс етті. Бұған дейін кикбоксингтан Қазақстан чемпионы, 2 рет Өзбекістанда өткен Азия чемпионы атағын алған Абай ауданының жалынды жасөспірімі.

Кездесуде барлық санитарлық - эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша кездесуге қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Биыл ашылған мектептер циклі: «ALI-T» ағылшын бастауыш мектебі
  • Жастар кеңесі өтті.
  • Шымкентте креативті жобалар бойынша форум-көрме басталды
  • Шымкентте креативті жобалар бойынша форум-көрме басталды
  • Атышулы «завуч» Ұлжан Елмұратова тағы да дауға ілікті (видео)