«TURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің «Folk & Symphony» концерті өтеді

Шымкент қаласында 10 қазан күні Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының жанынан құрылған ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің «TURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблі «FOLK & SYMPHONY» концертін ұсынады. 

image.png

Іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы және «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылмақ. 

«TURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблі 2008 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының қабырғасында құрылған. «Тұран» – қазақ халқының көнеден келе жатқан төл музыкалық өнерін қазіргі заманның талғам-таным таразысымен қайта жаңғыртуды мақсат тұтқан ұлттық этно-фольклорлық топ. Топ – ұлттық көне аспаптардың үнін қайта тірілтуді, жаңа үндестік пен әдіс-тәсілдерді тауып қолданысқа енгізуді көздейді. 

Бағдарламада қазақ композиторлары мен ансамбльдің авторлық шығармалары орындалады. 

Мерекелік концерт 10 қазан  сағат 18.00-де «Түркістан сарайында» өтеді.  Билеттер Түркістан сарайының кассасында сатылады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • «TURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің «Folk & Symphony» концерті өтеді
  • Шымкентте қысқаметражды фильмдер фестивалінің үздіктері анықталды
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді