Шымкенттегі «Казмедприбор» ЖШС күніне 20 ӨЖЖ аппаратын шығарады

Елімізде медициналық құрал-жабдықтар, медициналық жиһаздар мен медициналық көліктер шығаратын кәсіпорынның бірі «Казмедприбор» ЖШС Шымкентте орналасқан. 

image.png

Кәсіпорын 2005 жылы құрылған. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында жыл басынан «Казмедприбор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 120 мың литрден астам дезинфекциялық заттар, 6 мыңнан астам медициналық жиһаз бен 25 жедел жәрдем көлігін жасап шығарды. Қазіргі таңда мекемеде 100-ге тарта қызметкер жұмыс істейді. 

Шымкентте індеттің ықтимал толқынына дайындық мақсатында кәсіпорын өкпені жасанды желдететін құрылғы жасап жатыр. Медициналық аппаратты шығаруға Америка және Жапония  өкілдері серіктес болуда. Қазір кәсіпорынның күніне 20 құрылғы жасауға мүмкіндігі бар. Алғашқы 100 құрылғы Шымкент қаласына орнатылған.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке