Шымкент: Еңбекші аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы жартыжылдықты қорытындылады

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Қ. Панабаевтың қатысуымен брифинг өтті.

image.png

Баспасөз мәслихатында Қ.Панабаев ағымдағы жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстарды мәлімдеді.

– Осы жылдың 1 шілдесінің қорытындысымен Мемлекеттік бюджет жоспары 112,4 пайызға орындалды. Есепті мерзімде бюджетке 5 670,4 млн.теңге артығымен қамтамасыз етілді. Оның ішінде республикалық бюджет бойынша бекітілген жоспар 100,6 пайызға, жергілікті бюджет бойынша бекітілген жоспар 119,8 пайызға орындалды. Осы ретте республикалық бюджетке 103,7 мың теңге, жергілікті бюджетке 5 566,7 млн.теңге артығымен түсті, – деді  Қадыржан Әбдіқалықұлы.

Спикердің сөзінше, салық кодексінің 91-ші бабына сәйкес әрекетсіз деп танылған салық төлеушілер саны 1926-ны құраған. Оның 1601 - заңды тұлға, 325-і жеке кәсіпкер. 

Сонымен қатар, салық төлеушілермен салық есептілігін табыстау бойынша салық есептіліктерін тапсырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы рәсімделген соң, тізімнен шығару жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отыр.

Еске сала кетейік, электрондық қызметтерді алу кезінде салық төлеушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан «e-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасы іске қосылған. Аталған қосымшаны  App Store және Play Market арқылы жүктеп алуға болады. Онда салық әмияны, жалпыға бірдей декларациялау, салық салу объектілері, қызметкердің еңбек ақысы, салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы, БЖТ, электронды сервистер, калькуляторлар, жиі қойылатын сұрақтар қызметтері іске қосылған.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке