Қаратау ауданында 27 ашық спорт алаңшасы салынады

Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында ауқымды шаралар қолға алынған. 

image.png

Қаратау ауданының өзінде бұл жылы 32 аулаға қосымша балалар ойын және спорт алаңшаларын салу жұмыстары жоспарланған. Қала әкіміне бұл бағыттағы атқарылған жұмыстар жөнінде аудан әкімі А.Әліқұлов баяндап өтті. 

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Тұран шағын ауданындағы Адия тұрғын үй кешені мен Асар шағын ауданында орналасқан 3 ауланы абаттандыру және Халық қатысатын бюджет жобасы аясында  4 аула, 1 елді мекенге (Тұран ш/а Отау Строй т/к, Өтеміс т/а) балалар ойын алаңшасын салу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. 

21 аулаға (Тұран ш/а, Ақжайық ш/а, Асар ш/а)  балалар ойын алаңшасы мен жаттығу тренажерларын орнатуға қаржы қаралған. Қазіргі таңда аулалардың мемлекеттік актілері рәсімделген.

Ашық спорт алаңшаларына келер болсақ, ауданда 25 ашық спорт алаңшасы мен 2 әмбебап спорт алаңшасы салынатын болды. 

Сонымен қатар, Бозарық шағынауданы мен Қайнарбұлақ тұрғын алабына демеушілер есебінен ашық спорт алаңшасы салынып, ел игілігіне пайдалануға берілгенін жеткізді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды