Текесу каналынан өтетін көпір пайдалануға берілді

Еңбекші ауданындағы апатты деп танылған «Текесу» каналынан өтетін көпір қайта құрылып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында пайдалануға берілді. Қолданыстағы бұл көпір 1993 жылдары салынған. Ұзындығы 10 метр, ені 6 метрді құрайды. Қайта құру жұмыстары демеуші есебінен жүргізілді.

image.png

Еске салсақ, осы жылдың шілде айында Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек Жұлдыз тұрғын алабының тұрғындарымен кездесу барысында «Текесу» каналынан өтетін көпірдің апатты жағдайда екендігі айтылып, тұрғындар көпірді қалпына келтіріп беруді айтқан болатын. 

Тұрғындар көтерген мәселені шешу мақсатында аудан әкімі қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасовпен бірге аталған көпірдің жағдайын зерделеп, қайта құруға шешім қабылданған болатын. Қазіргі таңда «Текесу» каналынан өтетін апатты көпір қайта құрылып, тұрғындардың өтініші орындалып отыр.

Ендігі кезекте Қарабастау тұрғын алабындағы канал үстінен өтетін көпірді қайта құру жоспарда бар. Аудан әкімі тұрғындардың өтініші басты назарда екенін және барлық жұмыстар халықпен келісіліп атқарылатынын айтуда

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды