Тағы бір өрт сөндіруші жарылыстан кейін әлі табылмай жатыр (видео)

Жамбыл облысында оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыстан соң із-түссіз кеткен тағы бір әскери қызметкер жөнінде әзірге еш хабар жоқ, деп хабарлайды  "Еуразия" бірінші арнасы.

Бауыржан.jpg

Өртті өшіруге алғашқылардың бірі болып аттанып, хабар-ошарсыз кеткен әскери бөлімнің қызметкері Бауыржан Дәуітбаевтың тірі не өлі екені әлі белгісіз. Бес күннен бері ол туралы еш хабар жоқ. Ағайын-туысы оны іздестірудің барлық амалын жасап жатыр.

- Көрші ауылда қайынағамның үйі құдайы тамақ беріп жатқан, сол үйде отырғанда сол үйдегі қайным пожарный еді, пожар боп жатыр деп кетті, кеткеннен кейін жарты сағаттан кейін біріншісі жарылды ғой - деді Бауыржан Дәуітбаевтың туысы Әлфия Құрманбекова.

- Үш бала , бір қызы бар. Әйелі қазір аяғы ауыр. Сол күні баласына құдай тамақ беріп, есік алдына су шашып сөйтіп отырған бала еді. Содан бірден шақырды, тез-тез киінді де, мына жерде машинасына мінді де, кетіп қалған еді. Сол кезде қарап тұрғанмын мен. Содан кейін бала жоқ енді - деді Бауыржан Дәуітбаевтың көршісі Жаңыл Абдрасилова.

<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/rga-oUkVf8w" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen=""></iframe>

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тағы бір өрт сөндіруші жарылыстан кейін әлі табылмай жатыр (видео)
  • Коронавирус жұқтырған 25 582 пациент стационарда жатыр - министрлік
  • Аймағамбетов Тұрсынбектің қызының қатысы бар іске байланысты пікірін білдірді (видео)
  • Жамбылдағы жарылыста жоғалған жігіттің анасы төсек тартып қалды (видео)
  • Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады