Шымкент архивіндегі 5 миллион парақ электрондық форматқа көшіріледі

Screenshot_5.jpg

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан жүйенің бірі – архивтерді электронды форматқа көшіру. Осы мақсатта Қазақстан Республикаксының 30 жылдығына орай қалалық архивте сақтауда тұрған шамамен 5 миллион парақ цифрландырылады. Бұл  туралы бүгін қала әкімінің алдындағы есепті жиында тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Х.Есенова мәлімдеді.

«Архивте сақтауда тұрған шамамен 5 млн. парақты цифрландыру қажеттіліг ітуындап отыр. Мемлекеттік сақтауда тұрған құжаттарды электронды форматқа көшіру жұмыстарын жүргізу үшін архивте 2 дана планетарлық сканер орнатылған. Бір сканер күніне 400 бет өткізеді. Екі сканер жылына 193 600 парақтыөткізеді. 5 млн құжатты цифрлау үшін 26 жылқажет. Ал, бұл жұмыстарды 5 жыл ішінде аяқтау үшін қосымша 8 сканер сатыпалып, 8 штат бірлігін құру қажет»,-деді басқарма басшысы. 

Есепті кезеңде 104 189 парақты цифрландыру жоспарға қойылған болса, қазіргі танда 106 255 парақ  цифрланып, көрсеткішке қолжеткізілген. Архивтік құжаттар қорын ұлғайту индикаторы ІІ тоқсанда жобалық кеңсеге енгізіліп, жоспарланған 1500 іс-құжат нақты орындалған.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды