Қоғамдық көліктер мен базарларға бақылау күшейтілді

Шымкент қаласында індетті жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты халық көп шоғырланатын базарлар мен қоғамдық көліктерге тексеру жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Бетпердесіз жүрген тұрғындар тек өзіне емес, өзгенің денсаулығына да қауіп төндіреді.  Осы себепті қоғамдық көлік пен базарларда бетперде тағу міндеттелген. 

image.png

Мониторинг жұмыстары барысында Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев қоғамдық автобустарда терезелер үнемі ашық, ал  кондукторлар мен жолаушылар міндетті түрде бетпердемен отыруы керектігін түсіндірді. Сонымен қатар базарларда арақашықтық қатаң сақталып, дезинфекциялық құралдар- тепловизер, санитайзер, дезинфекциялық кілемше көзге көрінетін жерлерге қойылуы керек. 

Одан өзге, Әл-Фараби ауданы аумағында түнгі рейд жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Ауданға қарасты барлық қоғамдық тамақтанатын орындар, тойханалар және компьютер клубтары қатаң бақылауда.  Аудан әкімдігінің мамандары тәртіп сақшыларымен бірге кезекті рейд барысында карантин талаптарын бұзған бірқатар нысандарды анықтады. Санитарлық нормаларды сақтамаған 5 кәсіпкерлік нысанға  айыппұл салынды.

image.png

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды