Еңбекші ауданында орналасқан тойханаларға карантиндік талаптардың сақталуы бойынша рейд жүргізілді

Еңбекші ауданында арнайы құрылған мониторингтік топ жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде. Бүгін аудан аумағында орналасқан 22 тойхана мен мейрамханаларға мобильдік топ карантиндік талаптардың сақталуы бойынша кезекті рейд ұйымдастырды. Бұл жұмыстар коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу және қала  аумағында карантиндік шектеу шараларының сақталуын  күшейту  мақсатында жүргізіліп отыр.

image.png

Карантиндік режимге байланысты тойхана иелеріне той және ас беру жиындарын өткізбеу керек екенін қатаң ескертіп, карантин талаптарын сақтауға шақырды. Жалпы мониторинг   жұмыстары  нәтижесінде анықталған кемшіліктерге  хаттамалар  толтырып, құзырлы мекемелерге заң шеңберінде  жолданатын болады.

Шымкент қаласы бойынша өткен тәулікте 662 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 15 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

image.png

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды