«Завуч» келіншек өзіне қол жұмсады» деген ақпарат шықты

Осы аптада әлеуметтік желіде былапыт сөздер айтқан видеосы тарап кеткен педагог келіншек өзіне қол жұмсады. Бұл туралы журналист Сардар Әбдіжақия өзінің Facebook парақшасында хабарлады. 

MyCollages (1).jpg

Журналист Бадам ауылындағы А.Шерімқұлов атындағы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ұлжан Елмұратова өзіне қол жұмсап, қазір жансақтау бөлімінде жатқанын жазды.  

"Әзірге есін жиған жоқ, жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер нақты ештеңе айта алмайтынын, егер өзіне келмесе санавиация шақыратыны туралы ауызша ақпарат алдым" - деп жазды Сардар Әбдіжақия. 

Еске сала кетейік, бүгін Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Ұлжан Елмұратованы моральға қайшы іс-әрекеттері үшін қызметінен босатылатынын хабарлаған болатын. Сонымен қатар мектеп директоры да зерделеу жұмыстарының нәтижесінде "директор" лауазымынан айрылды.  

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке