Білім министрі студенттердің стипендиясы биыл қаншаға өсетінін айтты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында студенттердің шәкіртақысы қанша болатынын айтты.

Screenshot_4.jpg

“Мемлекет басшысының тапсырмасымен шәкіртақы көлемі артып келеді. Биылғы қыркүйек айынан бастап бакалавриат бойынша стипендия мөлшері 31 мың теңгеден сәл асады деп жоспарлап отырмыз. Магистратураға келсек, 15%-ға өсіп, шамамен 76 мың теңге болмақ”, – деді министр.

Оның айтуынша, докторантура үшін тек соңғы 2 жылда шәкіртақы мөлшері шамамен 82 пайызға өскен. Дегенмен, биыл да оның мөлшері артып, 172 мың теңгеге жетеді.

Бұдан өзге Асхат Аймағамбетов гранттар саны да өсетінін мәлімдеді.

“2025 жылға дейін гранттар саны артып, 75 мың орынға жетеді деп жоспарланған. Қазірдің өзінде сайлауалды бағдарламаны іске асыруды бастадық. Қаржы бөлінді. Биыл қыркүйек айында гранттар саны 5 мың орынға ұлғайтылады. Жыл сайын бакалавриатқа 51 мың орын бөлінсе, биыл 56 мың орын болады”, – деді ол.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды