Қазақ ақыны Ауыт Мұқибек қазақ көшін тоқтатты деп Елбасының күйеу баласы Тимур Құлыбаевтқа шүйлікті. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты барысында айтты.
- Ол жігіт оны ұмытпауы керек. Қазақта мынадай нәрсе бар. Бұл ұлтқа жасалған қиянат! Көшті тоқтату деген ұлтқа жасалған қиянат. Оны жуу керек қой кішкене. Ол да азамат қой. Бір кездері жан қысылғанда біреуге жаба салға шығар. Құтылу керек болды ғой әйтеуір. Әлсіз топ, оның кім бар сұраушысы деп ойлаған болу керек. Ал, бірақ ол кісі қателеседі. Енді, міне әлемдік байлардың қатарында аты тағы тұр. Біз оған тілектеспіз. Енді соны жуып үй салып берсе рақмет Тимур Асқарұлы деп айтамыз ғой біз - дейді Ауыт Мұқибек.
<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/XbsaNvNjUG8" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen=""></iframe>