Алексей Цой ел өңірлеріне қанша вакцина жеткізілгенін айтты

Өңірлерге 600 мың дозадан астам вакцина жеткізілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Алексей Цой.jpg

- 1 ақпаннан бастап өңірлерге 611 мың доза вакцина жеткізілді. Вакцина жеткізу бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр. Ертең өңірлерге кезекті 300 мың доза жеткізіледі, - деді министр Үкімет отырысында. 

Оның айтуынша, сәуір айында қосымша 1,4 млн дозаны жеткізу ескерілген.

- Бұл өз кезегінде сәуірде еліміздің 2 миллионға жуық адамын вакциналауға қолжетімдігін қамтамасыз етеді, - деді Алексей Цой.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды