ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан «Қазығұрт аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесін 2019 жылдың 17 қыркүйекте https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталына ашық конкурс тәсілімен жарияланған №3644488-1 «Жылыту жүйесін ағымдағы жөндеу» мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшеліктерінде әлеуетті өнім берушілерге қойылған талаптарға ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде осы мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген.
Камералдық бақылау нәтижесі бойынша «Қазығұрт аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» 150 тармағының талаптары сақталмағаны анықталған.
Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, «Қазығұрт аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгнгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.
С.Кузенбаев,
Түркістан облысы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің Бас маманы