Тоқаев тағы бір заңға қол қойды

Қазақстан прездиенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. 

Тоқаев.png

- Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген ресми хабарламада Заңның мәтіні баспасөзде жарияланатын болады. 

Парламент депутаттары бастамашылық еткен заң жобасы сенатта ағымдағы жылдың желтоқсан айында мақұлданды деп жазады Sputnik Қазақстан. Заң жобасы бюджеттік заңнама мен бюджеттік процедураларды жетілдіру мақсатында әзірленген және мынадай мәселелерді шешуге бағытталған: стратегиялық және бюджеттік жоспарлауды үйлестіру; бюджет қаражатының экономикалық қайтарымын арттыру; бюджеттік жоспарлау сапасын күшейте отырып, мемлекеттік органдардың тәуелсіздігі мен жауапкершілігін арттыру. Айта кетейік, мұндай шешімдер бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шегін анықтау тәсілдерінің өзгеруін қамтамасыз етеді; мемлекеттік органдар бюджеттік өтінім шеңберінде бюджеттік инвестициялар мен субсидияларға шығындардың экономикалық тиімділігін бағалайды; шығыстардың жаңа бастамалары бойынша ғана есептеумен бюджеттік өтінімдерді енгізуді және тағы басқаларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке