Шымкентте жүйткіген көлік шұңқырға құлап, жүргізуші қаза болды

Шымкентте жүйткіген көлік шұңқырға құлап, жүргізуші оқиға орнында тіл тартпай кетті, деп хабарлайды  KTK арнасы. 

Шымкент көлік апаты.png

Оның көзіне арматура қадалып қалған. Ал жанындағы жолаушы ауыр хәлде ауруханада жатыр. Оқыс оқиға түнде болды. Жүйткіген "Тойота" былтырдан бері қазулы жатқан үлкен шұңқырға түсіп кеткен. Жүргізуші ордың жан-жағына қойылған ескерту белгісін де елемеген. Жылу жүйесі жөнделіп жатқан тереңдігі бірнеше метр шұңқырға құлапты. Көлік тізгініндегі азаматтың көзіне құрылыс орнындағы арматура қадалған. Ауыр жарақат алған ол сол жерде бақилық болса, жанындағы жолаушы ауыр халде жатыр. 

- Қанды ісік, кеудесі, көкірек қуысы, басы жарақаттанған. Тілге енді келді, түсіндіріп айта алмайды, не болғанын білмейді. Амнезия бар. Қандай жарақат алғанын, не болғанын білмейді, - дейді нейрохирург Әшірхан Жандарбеков.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке