Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Бозжыра аумағында салынатын қонақүй құрылысына қатысты тапсырма берді.
- Президент Маңғыстау облысындағы ерекше қорғалатын Бозжыра табиғат қорығының аумағына салынатын жаңа қонақ үйдің құрылысына қатысты қоғамның теріс пікірін ескере отырып, Үкіметке осы жобаны қайта қарау жөнінде тапсырма берді, - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
7 қарашада желіде Бозжыра шатқалы ауданында құрылыс техникасы түсірілген видео пайда болды. Сол күні Маңғыстауда Rixos Water World Aktau отелін іске қосқан инвесторлар облыс аумағында "Бозжыра сафари-отель" бутик-отелінің бірегей жобасын іске асыруды ұсынғаны белгілі болды.