Тоқаев Қырғыз еліндегі жағдайға қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз еліндегі жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Бауырлас Қырғыз еліндегі жағдайдың біртіндеп конституциялық жолға оралғаны қуантады. Біз барлық саяси күштерді қақтығыстардың алғашқы сәтінен-ақ сабырға шақырдық", - деп жазды Президент Twitter-де.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы көрші елдегі қазіргі президент Сооронбай Жээнебековты қолдайтындығын да айтты.

"Президент С.Жээнбеков – мемлекеттің легитимді басшысы. Сондықтан оның қақтығыстарды тоқтатып, елдегі ахуалды қалыпқа келтіруге бағытталған әрекеттерін қолдаймын. Қазақстан үшін Қырғызстандағы тұрақтылық стратегиялық серіктес әрі одақтас ретінде маңызды", - деп атап өтті Тоқаев.

Айта кетсек, 5 қазанда Бішкекте оппозиция митингі өткізді. Олар Жоғарғы Кеңес - ел парламенті сайлауының нәтижелерімен келіспейтіндіктерін білдірді. Дауыс беруге қатысқан 16 партияның тек төртеуі ғана парламентке өтті. Демонстранттар сайлау нәтижелерінің жойылуын, екінші рет дауыс беру процесін талап етті. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 1000-нан астам адам жарақат алды. Кейін Қырғыз елінің Қауіпсіздік Кеңесі, содан кейін ОСК сайлау нәтижелерінің күшін жойды. Бішкекте төтенше жағдай режимі енгізілді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке