Бір тәулікте 400-ден астам адам пневмониямен ауырған: 3 науқас көз жұмды

2020 жылғы 6 қыркүйекте тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 423 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 83 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 27 623, 313 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 5 957 жетті.

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 5 151 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 31 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 761  науқас жатыр. 2 390 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.  

Жалпы науқастардың арасында 147 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 18 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", - дейді денсаулық сақтау министрлігі.  

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін елімізде коронавирус жұқтырғандар санының тұрақтанбай тұрғаны туралы жазған болатынбыз.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке