Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешені саласында еңбек өнімділігін арттыруда

Түркістан облысы агроөнеркәсіп кешені саласында еңбек өнімділігін арттыруда көптеген игі бастамалар жүзеге асырылуда. Өңір басшысы Өмірзақ  Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес,  ауыл шаруашылығы саласын қарқынды дамытып еңбек өнімділігін арттыру мақсатында 3 негізгі бағытты дамытуға басымдылық беріліп отыр.

image.png

Бірінші бағыт - агроқұрылымдарды ірілендіре отырып, өндіріске заманауи озық технологияларды енгізу. 

Бұл бағытта, «Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспарына» сәйкес, Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптасыру аясында 1458,0 шаруа қожалықты 9 кооперативтерге біріктіріп, техникамен қамтамасыз ету және 11 мың га жаңбырлатып суару технологиясын ендіру жоспарланды.

Қазірде Кентау қ. «Шаға» а/о кооператив негізінде 886 га (2 кооператив 109 мүше) жаңбырлатып суғару технологиясы ендірілді. Оның ішінде, 733 гектарына 161 га күздік бидай, жоңышқа 260 га, жүгері 312 га егілді.  жыл соңына дейін жаңбырлатып суғару қондырғылары қосымша 975,6 га  орнатылып, жалпы көлемі 2,0 мың га дейін жетеді. 

Жаңбырлатып суғару технологиясының тиімділігі: дақыл түріне қарай ағын суды үнемдеп өнімділікті 2-4 есеге арттырады. 

Тәжірибе масақты дақылдан орташа өнімділік 19 цн/га болса, технология арқылы 55 – 60 цн/га, дәндік жүгеріден орташа өнімділік 48,5 цн/га болса, технология арқылы 115/130 цн/га, жоңышқадан орташа өнімділік 130 цн/га болса, технология арқылы 250/300 цн/га өнім алуға мүмкіндік беретінін көрсетті.

Түркістан.jpg

Жалпы жоба аясында құны 28,7 млрд.тг құрайтын 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

  • «Түркістан Агро ХХІ» ЖШС-нің «733 га жаңбырлатып суару технологиясын ендіру және МТС құру» жоба құны – 1,7 млрд.тг. Іске асыру мерзімі 2019-2020 ж.ж.

  • «Түркістан Агро ХХІ» ЖШС-нің «1 200 басқа арналған тауарлы-сүт фермасы» жоба құны – 4,5  млрд.тг. Іске асыру мерзімі 2020-2021 ж.ж.

  •  «SPK-SAURAN» АШӨК-нің «829 га жаңбырлатып суару технологиясын ендіру» жоба құны – 1,5 млрд.тг. Іске асыру мерзімі 2019-2020 ж.ж.

  •  SPK-SAURAN» АШӨК-нің «10,0 мың басқа арналған ірі қара мал бордақылау кешенін құру» жоба құны – 7,4 млрд.тг. Іске асыру мерзімі 2020-2021 ж.ж.

  • «Ынтымақ Агро XXI» ЖШС-нің «782 га жаңбырлатып суару технологиясын ендіру» жоба құны – 790,6 млн.тг. Іске асыру мерзімі 2020 ж.ж.

  •  «KAZAGRO PROJECT» ЖШС-нің «Жылына 20 мың тонна құс етін өндіру» жоба құны – 12,8 млрд.тг. Іске асыру мерзімі  2020-2021 ж.ж.

Екінші бағыт - бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу жобасын ендіру. Бұл жоба 2019 жылы ендіріліп, 3,0 млрд теңгеге 107 жоба іске асырылды, 9,0 млрд теңге болатын ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, қосымша 364 жұмыс орны ашылды. 

2020 жылы 128 ауыл округінде 5,2 мың га құрайтын 1 928 жоба іске асырылып, 141,0 мың тн өнім өндірілді. Қазіргі таңда 1558 агроқұрылым екінші өнім егіп, агротехникалық шараларды атқаруда.

Үшінші бағыт - жеке қосалқы шаруашылықтардың ауласына тамшылатып суғару технологиясын ендіру арқылы ерте пісетін көкөніс, картоп, бақша өнімдерін өндіру. 

Бұл жоба көп балалы аналарды, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларды жұмыспен қамтуда, жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. 10 соттық үйіргелік жерге тамшылатып суғару мен агротехникалық шығындарын қоса есептегенде 462,0 мың теңге шығын жұмсап, жалпы 850,0 мың теңге табыс табуға болады. Қазіргі таңда 20 отбасы қаржы алуға құжаттарын тапсырды.

Суреттер ашық дерекөзден алынды

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке