Шымкент: 245 көшедегі қалаішілік жолдардың құрылысы қызу жүргізілуде

Еліміздегі үшінші мегаполис саналатын Шымкент қаласының жолдарын жөндеуге биыл 27 миллиард теңге қаржы бөлініп отыр. Бұл - бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш екенін айта кету керек. 

image.png

Қазіргі таңда шаһарда жол құрылысы қыза түскен. Құрылыс сапасын қала әкімі М. Әйтеновтің өзі қатаң бақылауға алған. Бұл ретте, мердігерлер күзге дейін 414 шақырым жолдың құрылысын толық аяқтайтынын айтады. 

Шымкенттегі қалашілік жолдар соңғы рет 2008 жылы жөнделген. Енді міне, ескі жолдарды жаңарту үшін биыл қазынадан қомақты қаражат бөлініп отыр. Аталған 27 миллиард теңгеге 414 шақырым жол салынбақ. 

Қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Абай Тұрхановтың айтуынша, биыл шаһардағы техникалық жағдайы жақсы жолдардың үлесін 60 процентке жеткізу көзделуде. 

- Шымкент қаласы бойынша 414 шақырым жолда құрылыс орташа жөндеу, күрделі жөндеумен қамтылған. Биыл 313 шақырымын пайдалануға береміз. Оның ішінде 75 шақырымы біздің осындай магистарльды көшелерде. Жалпы 21 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - дейді басқарма басшысы орынбасары.

Қазір құрылыс басында 45 мердігер компания тынымсыз жұмыс істеп жатыр. Барлығы 245 көшедегі қалаішілік жолдар күзге дейін толық аяқталып, пайдалануға берілмек. Бірнеше көпір жаңартылады. Сондай-ақ орталық магистральды жол бойында веложолақ салынып, маңайы жарықтандырылмақ. Ең бастысы, төселетін асфальттың сапасы аса жоғары дейді мамандар.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке