Шымкентте емханалар 8-ден 8-ге дейін жұмыс істеуде

image.png

Шымкентте тұмау мен өкпе қабынуына қатысты қалыптасқан жағдайға байланысты медициналық мекемелердің жұмыстары күшейтілді.  Қалалық әкімдіктің таратқан мәліметі бойынша  пневмония және ЖРВИ дертіне шалдыққан науқастар емханаларда ем қабылдауда.

Күндізгі станционарда медицина мамандары демалыс күндеріне қарамастан, аптасына жеті күн, таңғы сағат 08:00-ден бастап 20:00-ге дейін жұмыс істеуде. Ал оларға қажетті дәрілер өз уақытында жеткізіліп отыр.

Сонымен қатар қаладағы дәріханалар мен ауруханаларға да дәрі-дәрмекпен қамтылуда.

Айта кетейік, халық денсаулығын нығайту мақсатында пневмания ЖРВИ дертіне шалдыққан науқастарды емдеу үшін мемлекеттік 26 емханада 314 төсек орындық күндізгі стационар ашылды. Бір төсек-орын күніне кемінде 5 адамға қызмет көрсетуге мүмкіндігі бар. Яғни 1570 тұрғынды ем-дом шараларымен қамтиды. Ол үшін 39 дәрігер 57 медбике қызмет көрсетуде.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке