Каналдарды жөндеу жұмыстары қолға алынды

Screenshot_15.jpg

Өткен айда еліміздің оңтүстігіндегі Мақтаарал ауданында табиғат апаты орын алып, біраз елді мекендердің су астында қалғаны белгілі. Осы жайт көпке сабақ болса керек. Ол Орталық Азияда жатқан елдердің трансшекаралық өзен-суларды өзара келісіммен, тиімді пайдалдану қажеттігін көрсетті. Су тасқынынан кейін шекаралық аймақтардағы каналдарды тазалау жұмыстарына назар аударылып, ауқымды жобалар жүзеге аса бастады.  

  Соның бірі шекаралық аймақтардағы каналдар күрделі жөндеуден өтуде. Бұл әсіресе, ауыл шаруашылығы саласына үлкен қолдау болмақ.  Каналдарды тазалау, бетондау жұмыстарынан кейін шаруашылықтарға қажетті ағын су мәселесі шешімін табуда. 

Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев аудан экономикасының негізгі тірегі ауыл шаруашылығы саласы болғандықтан егістік жерлерге ағын су жеткізіп беруді басты мәселелердің бірі ретінде атап көрсеткен болатын.

Қазіргі таңда аудан көлеміндегі егістік жерлерді ағын сумен қамтамасыз етілуін жақсарту және суды үнемдеу мақсатында бірқатар су шаруашылығы нысандарына күрделі жөндеу және механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтар болсақ, Жібек жолы және Қабланбек ауылдық округтері аумағынан өтетін Хожахан (18,8 шақырым) және Сұрым (5,4 шақырым) каналдарын бетонмен қаптау жұмыстары, сондай-ақ аудан аралық Шошым (15 шақырым) каналының аудан аумағындағы бөлігінде механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, алдағы уақытта аудан аумағынандағы басқа да каналдарға күрделі жөндеу (бетонмен қаптау) жұмыстарын жүргізу үшін Р-4-2, Шаншар құлақ, Құлтума, Шошым және Үлкен Келес магистралдық каналдарына жобалық сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Аталған жобалар жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен іске асырылатын болады.

Жалпы Сарыағаш ауданы ауыл шаруашылығы жақсы дамыған өңір саналады. Аудандағы диқандар соңғы жылдары бір жерден екі-үш өнім алу тәсіліне ден қоюда. Ауданның жылы климаты жылыжай шаруашылығын дамытуға да жақсы мүмкіндік береді. Каналдарды тазалау, ағын су мәселесін шешу жұмыстары бұл мүмкіндікті еселей түсері анық.   


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке