Шымкентте жеңгетайлықпен айналысқан әйел мен жеңіл жүрісті қыздар ұсталды

Шымкентте жүргізілген рейд барысында жеңгетайлықпен айналысып жүрген әйел мен жезөкшелер ұсталды. Жеңіл жүрістілер моншалар мен массаж салонында және жалдамалы пәтерлерде қызмет көрсетіп жүргені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, рейд барысында орталық көшенің бойында жеңгетайлықпен айналысатын екі әйелдің жеңіл жүрісті қыздардың қызметін ер адамдарға ұдайы ұсынып отырғаны анықталған. Клиенттерді төрт қызбен кездестіру үшін пәтерлердің біріне апарып, жолықтырған. Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бір жеңгетай және төрт жеңіл жүрісті қыз полицияға жеткізіліп, тіркеуге алынды. Екінші жеңгетайдың жеке басын анықтап, оны ұстауға бағытталған жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

«Жыл басынан бері қала аумағында полиция қызметкерлерімен осыған ұқсас қылмыстың 12 жайты анықталған. Олардың жетеуі моншада, үшеуі массаж салонында және екі жалдамалы пәтерлерде орын алған. Бұл бағыттағы жұмыс өз жалғасын табатын болады», делінген хабарламада.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке