Қазақстанда жұмыссыздар саны 3 есеге өсуі мүмкін

Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 13%-дан асуы мүмкін - бұл қазіргі көрсеткіштен үш есе жоғары. Мұндай болжамды бұрынғы еңбек министрі, қазір еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

news_full15880415503c71417acdbcd295c60d1495ec865e51.jpg

Оның сөзінше, пандемиядан туындаған дағдарыс елдің жұмысқа қабілетті халқының үштен біріне әсер етеді.

Алдын ала болжам бойынша, экономикалық қалпына келтіру кезеңінде 1 миллион 300 адам жұмысынан айрылады. Бұл - оптимистік сценарий. Бірақ пессимистік те бар. Бұл жағдайда 2,5 миллион қазақстандық табысын жоғалтады. Барлығы мемлекеттің дағдарысқа қарсы шараларының қаншалықты тиімді болуына байланысты. Құлдырауға жол бермеу үшін сарапшылар мемлекет жеке компанияларда жалақы төлеу шығындарының бір бөлігін өз мойнына алуы керек деп санайды. Басқаша айтқанда, жұмысшылардың жалақысына субсидия бөлуі керек.

"Бөлшек сауда, әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер сияқты секторларда жұмыс істейтін компаниялар үшін ТЖ режимі аяқталғаннан кейін үш ай ішінде қолдау қажет болады, өйткені олар өз қызметін тез арада қалпына келтіре алады. Туризм, ойын-сауық индустриясы, халықаралық тасымалдар сияқты салалар айтарлықтай ұзағырақ қалпына келеді және тиісінше оларға қолдау көрсету неғұрлым ұзақ мерзімге созылады - ТЖ режимі аяқталғаннан кейін 6-12 ай қажет болады", - деп есептейді "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ президенті Тамара Дүйсенова.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке