Қазақстанда коронавирустың тағы 45 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
COVID-19 жұқтырудың жаңа бір оқиғасы Түркістан облысында, тоғызы - Алматыда, екеуі - Ақтөбе облысында, төртеуі - Атырау облысында, төртеуі - Жамбыл облысында, алтауы - БҚО-да және екі жағдай Павлодар облысында тіркелді.
Қазақстанда коронавируспен ауыратындардың саны 1591-ге дейін өсті. Олардың 347-і қалпына келді, 17-сі көз жұмды.