Блок-бекет қызметкерлеріне ас ауқат үлестірілді

«Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Шымкент филиалымен бірлесе отырып игі істі жүзеге асырды. 

fa4b8f01-14e2-4320-8f57-0ace68ccc0df.jpg

Яғни «Біз біргеміз!» акциясы аясында игі бастаманы қолға алды. 

Тұрғындар қауіпсіздігі үшін Шымкент қаласының аудан қалалармен шекаралас жатқан блок-бекеттерде тәулік бойы қызмет етіп жатқан медициналық қызметкерлерді ыстық тағаммен және сусынмен қамтамасыз етті. Тұтас Қазақстан ауыр індетке қарсы күресіп жатқан сәтте кәсіподақ қызметкерлері осылайша жомарттық танытып, бүгін екінші күн бойы түскі және кешкі мезгіл ас ауқат үлестірді. Жалпы 12 блок-бекетте бір кезеңде 80-ге жуық медициналық қызметкерлер жұмыс жасауда. Осы қысылтаяң шақта арнайы қор құрып, ыстық тағам таратқан кәсіподақ ұйымдары алдағы уақытта да игі бастамаларды жүзеге асыруға ниетті.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке