Инара Намазбаева: Біріксек, біз алмайтын қамал жоқ

Screenshot_11.jpg

Инара Намазбаева, "Түркістан облысы іскер әйелдер қауымдастығы" Қоғамдық Бірлестігінің Төрайымы, кәсіпкер

Бүгінгі күннің басты тақырыбына айналған коронавирус дерті біздің елімізді де айналып өтпеді. Аты жаман кеселдің алдын алу мен одан сақтану шаралары баршамызға түсінікті екені хақ. Күні кеше Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ халқына үндеу жолдады.

Түркістан кәсіпкерлері бірауыздан Елбасы үндеуін қолдап, қиын сәтте халыққа қол ұшын созуда. Жұдырықтай жұмылып ел игілігі үшін сақтық шаралары мен алдын алуға арналған жүйелерге арнайы қаржы бөліп отыр. Осындайда қарап отырып сүйсінеді екенсің. Қазақтың мәрттігі мен жомарттығы бір төбе, дархан пейілі мен бауырмалдығы бөлек әңгіме екеніне осындай сәттерде көзіміз жетеді. Алайда, барлық тұрғындарға байбаламға салынбай тәртіпке бағыну арқылы сақтық шаралары мен ескертпелерді орындасақ, бәрі ойдағыдай боларына сенемін.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке