Департамент мемлекеттік мекемелерде сыйлықтарға тыйым салынғаны туралы ескертеді

9138b8ce252f8a20e75839e07be38d22-big.jpg

Мерекелер қарсаңында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті азаматтарды, мемлекеттік қызметшілерді, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін сыйлық беруден және алудан сақтандырады.

Мемлекеттік қызмет туралы Заңға сәйкес бұл әрекеттер мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекет болып бағаланады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамамен лауазымды тұлғаға құны 2 АЕК-тен (5 302 теңге) аспайтын сыйлық бергені үшін 200 АЕК (530 мың 200 теңге) көлемінде, ал мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық алғаны үшін 600 АЕК (1 млн. 590 мың 600 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл қарастырылған.

Құны 2 АЕК-тен жоғары сыйлықтар қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

Мемлекеттік қызметші білмей келiп түскен, сондай-ақ ол тиiстi функцияларын атқаруына байланысты алған сыйлықтар жетi күн мерзiмде арнаулы мемлекеттiк қорға өтеусіз тапсыруға жатады, ал мемлекеттік қызметшіге нақ сондай мән-жайларда көрсетiлген қызметтер үшiн ол республикалық бюджетке ақша аудару жолымен ақы төлеуге тиiс.

Сонымен қатар, мемлекеттiк қызметшінің отбасы мүшелерi осы адам қызмет бабында солармен байланысты болатын жеке және заңды тұлғалар есебiнен сыйлықтарды және көрсетілетін қызметтерді, туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруларды қабылдауға құқылы емес. 

Сыйлықты немесе қарапайым тәттілер себетін қабылдау сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және мемлекеттік қызметшінің әдебін өрескел бұзу ретінде бағаланады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке