Қазақстан Президенті коронавирус жағдайына байланысты қазақстандықтарға мәлімдеме жасады.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, өкінішке қарай, елімізде қауіпті инфекцияны жұқтырудың алдын алу мүмкін болмады.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы қазақстандық биліктің отандастар мен шетелдіктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қолға алып жатқанын айтып, сендірді.
Президент атап өткендей, қазіргі уақытта жағдай бақылауда. Ол адамдарды тыныштықты сақтап жеке гигиенаны қадағалауды сұрады.
Арандатушылықтар жазаланатын болады. Баршаңызға зор денсаулық тілеймін. Біз біргеміз", - деп жазды қазақстандық көшбасшы Twitter парақшасында.