Төтенше жағдайлар қызметкерлері парасаттылыққа шақырылды

Screenshot_11.jpg

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілдері мен Департамент жанындағы Ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық университетінің Шымкент қаласының оқу орталығының ұжымы мен басқа да өңірлерден келген тыңдаушылармен кездесті. 

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар, қоғамда ашықтық, адалдық, әділдік қағидаттарының белең алуы тиіс екендігі айтылып, жиынға қатысушылар жемқорлықтан  алшақ болуға шақырылды.

Төтеншеліктер қатысқан жиында Ақпараттық-ағартушылық штабының құрылу мақсаты мен құрамы таныстырылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылық, адалдыққа жастайын тәрбиелеу қажеттігі айтылды. 

Шараға қатысушылар өскелең ұрпақты парасатты етіп тәрбиелеу – тек қана ата-аналардың ғана емес, қоғамның міндеті екендігін сөзге тиек етті. 

Сонымен қатар, «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға енгізілген жаңашылықтар кеңінен түсіндіріліп, қатысушыларды 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке