М. Әуезов атындағы ОҚМУ базасында Еуропалық Одақ өкілдерінің кездесуі өтті

Бүгін Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетіне Еуропалық Одаққа мүше елдердің елшілері арнайы ат басын бұрды.  

17fb0bdd-9d51-436a-8700-ae2178fd2537.jpg

Кластерлік сапар барысында Еуропалық Одақ өкілдері  университет басшылығымен және студенттермен кездесті.  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен басқосуда академиялық ұтқырлық, еуропалық университеттерімен орнатылған ынтымақтастық және еуропалық білім беру бағдарламаларға қатысу мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар университеттің қызметімен және жетістіктерімен танысты. ЕО мүше мемлекеттер Елшілері студенттермен AmbassadorsCafé форматында бейресми түрде кездесіп, ЕО-Қазақстан ынтымақтастығының маңызды тұстарын талқылап, өзінің мансап жолымен, жинақтаған тәжірибесі, және дипломатия мен көшбасшылықтың сыр-қырларымен бөлісті. Мұндай кездесулердің бейресми атмосферасы Еуропалық Одақ пен Қазақстанның екі жақты ынтымақтастығының, ЕО-ның әлемдік геосаясаттағы аймақтық ұстанымының өзекті мәселелері бойынша барынша қолайлы форматта "сағаттарды салыстырып қарауға" мүмкіндік береді.

62615d0d-fc64-4ab1-ae01-055b18385442.jpg

М.Әуезов атындағы ОҚМУ Болон процесінің параметрлерін белсенді түрде іске асырады. Серіктес жоғары оқу орындарымен 180-нен астам халықаралық келісім-шартқа ие. Оның шеңберінде жыл сайын 100-ден астам студент академиялық ұтқырлық  бағдарламасы бойынша білім алуда. Әрі «Эрасмус» бағдарламасына қатысуда. Бұл  жазғы және қысқы мектептерді ұйымдастыруда, шетелдік жоғары оқу орнында  тағылымдамадан өтіп тәжірибе жинауда студенттер мен профессор-оқытушылар құрамына өз септігін тигізетіні анық.

Анықтама үшін: Ambassador Cafe-  бұл Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің елшілері жастармен бейресми жағдайда кездесетін өзіндік ақпараттық алаң.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке