Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша 122 орында

WebsiteToolTester компаниясының қызметкерлері интернет жылдамдығы бойынша әлем елдерінің рейтингін жариялады. Бұл туралы Baq.kz сайтында жарияланды деп хабарлайды Oinet.kz. 

3-4.jpg

Интернет жылдамдығы бойынша үздік бестікте - Тайвань, Сингапур, Джерси аралы, Швеция және Дания. Қазақстан тізімде Бруней, Бразилия, Армения және Мьянмадан кейін 216 елдің ішінде (секундына 4,66 мегабит) 122-орынға ие болды.

Компания жүргізген есеп бойынша, бес гигабайт видео жүктеу үшін Қазақстанда орта есеппен екі сағат және 26 минут қажет болады. Салыстырып көрсек, Тайваньда орташа жүктеу жылдамдығы секундына 85 мегабит. Мұндай жылдамдықпен видео жүктеуге сегіз минут қана қажет.

Интернеті ең нашар елдердің қатарында Эфиопия, Түрікменстан, Мавритания мен Йемен бар, бұл елдерде интернет жылдамдығы секундына 300 килобитке тең. Сонда бес гигабайт видео 30 сағатта жүктеледі екен.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жалғыз әлем, жалғыз жүрек, жалғыз үй
  • Биыл 270 млн адам азық-түлік тапшылығын сезінеді – Тоқаев
  • Шымкентте аптасына үш күн азық-түлік жәрмеңкесі өтеді
  • Шағын және орта кәсіпорындардан 8 айда 222,1 млрд теңгелік өнім
  • Шымкентте діни конфессия өкілдері арасында спартакиада басталды