Түркістан облысында қару-жарақ алып, әскерден қашып кеткен сарбаз ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сарбазды ІІМ мен ҰҚК қызметкерлерінің арнайы жедел тобы ұстаған.
- "1995 жылы туған әскери қызметші Абылай Балғынбай бүгін әскери бөлімнен өз еркімен кетіп, атыс қаруын ұрлаған, ол ұсталды. Қаруды ұрлау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 291-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ІІМ өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін 20 ақпанға қараған түні кіші сержант қызметтік орнынан өз еркімен кетіп қалғаны хабарланған еді.
- "Сол уақытта атыс қаруының саны азайғаны белгілі болды. Құқық қорғау органдары мен әскери полиция күшімен әскери қызметкер мен жоғалған қаруларды іздеу және ұстау бойынша шұғыл шаралары жүріп жатыр", - деген еді ведомстводағылар.