Үкімет басшысы Бердібек Сапарбаевты орнында қалдыратын болды

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордайдағы оқиғаға байланысты құрылған үкіметтік комиссияны өзі басқара береді. 

Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин айтты деп хабарлайды Baq.kz порталына сілтеме жасап  Infomedia тілшісі. 

1454500435_a.jpg

- Қордайдағы қайғылы оқиға кезінде 10 адам қаза тауып, 178 адам зардап шекті. Сондай-ақ тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандарға, азаматтардың дүние-мүлкіне зақым келтірілді. Осы күндері Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Қордай ауданында оқиға салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия жұмыс істеді. Кеше мемлекет басшысының Жарлығымен Бердібек Мәшбекұлы (Сапарбаев - тілші) Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды. Дегенмен үкіметтік комиссияны төрағасы ретінде әріқарай да өзі басқара береді, - дейді Асқар Мамин.

8 ақпан күні үкіметтік комиссияны басқарып, Қордайға кеткен Бердібек Сапарбаев кеше Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалған еді. Бүгін ол өңірдегі жағдайды баяндады.

- Қазіргі таңда жалпы Жамбыл облысының Қордай ауданда жағдай тұрақты. Барлық құқық қорғау органдарының көмегімен жергілікті әкімдіктер жұмыс істеп жатыр. Жалпы өткен 5 күннің ішінде дәрігерлік көмекке 141 адам жүгінді. Оның ішінде 19-ы полиция қызметкерлері. Бұл оқиғадан 10 адам қайтыс болды. Қаза тапқандардың отбасыларына жерілікті демеушілердің, әкімдіктердің тарапынан көмек көрсетілді. Комиссия мүшелері 10 азаматтың отбасыларына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан көңіл айтты. Барлық шараларына қатыстық, - дейді Бердібек Сапарбаев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Қордай ауданыдық ауруханасында 13, Алматы қаласында 25 адам дәрігерлік көмек алып жатыр. Қырғызстанда болған 9 адамды Алматы мен Таразға қайтарған.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке