"Тәтті трамвай" өз науқанын бастады

Vqi5E1S3.jpg

Павлодарда тәттіге толтырылған  трамвай жолға шықты. Ақпан-наурыз айларында бесінші айналмалы бағыттағы трамвайдың жолаушыларына тәттілер таратылады. Қалалық трамвай басқармасының мәлімдеуінше, алғашқы тәттілі трамвай 7 ақпанда жолға шығады. Бір сағат ішінде бесінші айналмалы бағыттағы барлық жолаушылар тәттілерден дәм татады.

"Тәтті трамвайды" анықтау қиын емес, ол Ülker компаниясымен белгіленген. 7 ақпанда сағат 14:30-да трамвай "Вокзал" станциясынан шығып, келесі көшелермен жүреді: Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы - Ломов - 1 мамыр - Торайғыров, соңғы аялдама «Вокзал». Айналу бір сағатқа созылады, - деп атап өтті "Павлодар қаласының трамвай басқармасы" АҚ-да.

Сондай-ақ трамвай басқармасында тәттілі трамвай ақпан айында 3 рет – 7, 19 және 28 күндері жолға шығатынын атап өтті. Акция наурыз айында жалғасады. Алты фирмалық вагон қатысады. Акцияны ұйымдастырушылар тәттілер бәріне жеткілікті болатынын айтқан. Ең бастысы – дәл уақытта, тиісті аялдамада болу.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке